Апталықтар, ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыптары
Петровка ауылы «Айгөлек» бөбекжайында «Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде ұлттық құндылық пен экологиялық тәрбиені ұштастыру» тақырыбындағы апталықтың анықтамасы.
05.02.2024-09.02.2024 күндері «Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде ұлттық құндылық пен экологиялық тәрбиені ұштастыру» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Бұл апталықтың маңыздылығы биылғы оқу жылында ашылған арнайы кабинеттерде ұйымдастырылуы болды Ең алдымен 05.02.2024 күні даналықтың мектебі болатын «Атамұра» кабинеті ашылып, ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті. «Балдырған» әртүрлі қазақ тобының тәрбиешілері ата-аналарға ұлттық құныдылқтарға байланысты көптеген ойын түрлерімен таныстырды. Ұлттық ойындар баланың қол маторикасын, логикалық ойлау қабілетін дамытумен қатар, қимыл қозғалыстарға арналған.

06.02.2024 күні «Жолда жүру ережесі» кабинеті ашылып сол күні келген ата-аналарға «Радуга» әртүрлі жастағы орыс тобының тәрбиешілері балалармен бірге ашық ұйымдастырылыған іс-әрекеттер көрсетті. «Жолда жүру ережесі» бойынша балалар логикалық сұрақтарға жауап беріп, танымдық ойындар ойнады. Бұл ұйымдастырылған іс-әрекеттің негізгі мақсаты балаларды жолда жүру ережесімен таныстырып, ептілікке, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Апталықтың жоспарына сәйкес, 07-ақпан «Мен зерттеушімін» тақырыбында «Ақбота» ересек тобымен ұйымдастырылған іс- әрекет өткізілді.
Балалар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын ояту мақсатында ұйымдастырылған іс-әрекет «Эко марк» кабинетінде өткізілді.
08.02.2024 «Салауатты ұрпақ» мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беруге арналған дамытушы ойынының «Менің сүйікті тағамдарым» атты сериясы ұйымдастырылған іс-әрекетте ойнатылды. «Ақбота» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерімен Турсунмурадова З.Т. өткізді. Бұл ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты, балаларды табиғи өнімдердің әзірлену жолымен таныстырып экологиялық тәрбие беру.